Қараша айының 12-де Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Жоғары оқу орнында оқытуды белсендірудің заманауи әдістері» атты сапа апталағы аясында, «Жаңартылған білім берудегі дене тәрбиесі сабағын жоспарлау негіздері» тақырыбындағы семинар сағаты ұйымдастырылды.
Бұл шараны Орал қаласы ФМБ Назарбаев Зиаткерлік мектебінен арнайы шақырған, дене тәрбиесі пәнінің мұғалім-модераторы, дене шынықтыру және спорт магистрі Исмагулов Асылан Алибекович өткізді.
Семинар барысында қатысушы студенттер мен оқытушылар дене тәрбиесі пәні бойынша «жаңартылған білім беру бағдарламасының» мазмұнымен танысып, сабақ барысында пайдалануға болатын тиімді әдістерді меңгерді.
