2023 жылдың 23 қарашасында «Сәулет және құрылыс» кафедрасы жанындағы Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Сәулет эстетикалық тәрбие құралы ретінде» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.  Баяндамашы: аға оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі Кенжина Ж.С.

Семинар барысында өнер, әсіресе, сәулет өнері арқылы жастарға эстетикалық тәрбие беру мәселелері айтылды.

Сәулет тек «пайдалық, күш, сұлулық» тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар тарихи-архитектуралық талдаулар жүргізу, жеке тұлғаның эстетикалық және рухани-адамгершілік дамуы және шындыққа эстетикалық қатынас үшін маңызды ақпараттың монументалды тасымалдаушысы ретінде. Сондай-ақ сәулет зерттеуінің барлық кезеңдерінде сәулеттік талдау жүргізу әдістемесі қарастырылды.

Тыңдаушылар ретінде 4 курс АРХ-41 тобының студенттері шақырылды, өйткені ОП 6В07301 «Сәулет» оқу жоспарында «Сәулет және дизайн эстетикасы» пәні бойынша дәрістер курсы қарастырылған.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz