22 қарашада «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында «Жайықтеплоэнерго» АҚ БӨАжА цехының бастығы Герасимов Виктор Алексеевичпен кездесу өтті. Кездесуге 6В07105 – Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша), 6В07102-Электр энергетикасы ББ білім алушылары және кафедра оқытушылары шақырылды.
Акционерлік қоғамның қызметі туралы, әсіресе қалалық ЖЭО жұмысы туралы әңгіме қызықты болды. Білім алушылардың кейбірі биіктігі 23 метрге жететін бу қазандығы туралы алғаш рет естіді, бұл 9 қабатты үй! Кәсіпорында жапондық автоматтандырылған турбина жұмыс істейді, оны орнатумен жапондықтар айналысқан. Жылыту үшін су Жайық өзенінен пайдаланылады, оның деңгейі соңғы уақытта айтарлықтай төмендеді.
Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Шақырылған қонақ студенттерді келесі аптада өтетін экскурсияға шақырды.
Кездесу қызықты, ағартушылық болды, ол үшін білім алушылар Виктор Александровичке қол шапалақтап алғыс айтты.


