2024 жылы 15 қазан Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай Салалық технологиялар институты Жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастырумен «Сәкен Сейфуллин – жалынды жыршы, қарымды қоғам қайраткері» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш дөңгелек үстелге институт оқытушылары мен 1 курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Сәкен Сейфуллиннің тағдыры жайлы бейнеролик көрсетіліп, Аталмыш шараны Жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Кадыргалиев Нурболат Мендигалиевич ашып, әрі қарай модераторлық қызметті Кайыржанов Курмангазы Бекболатович атқарды.
Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы жайлы «технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» мамандығының 1 курс студенті Мұратбай Жансая баяндаса, Жалпы білім беру пәндер кафедрасының профессоры, ф.ғ.к., Шканова Бақыт Әжіғулқызы Сакен Сейфуллиннің шығармашылығын жайлы баяндады. Дөңгелек үстел аясында «көлік, көлік технологиялары» мамандығының 1 курс студенті Нұрлаш Ұлжан Кулбайқызы ақынның өлеңдерін оқыды.


