Кәсіптік бағдар беру – тұлғаның саналы түрде мамандық таңдауға дайындығын дер кезінде қалыптастыруға ықпал ететін процесс. Адамның субъективті қалауларының қоғам қажеттіліктерімен максималды сәйкес келуі бүкіл кәсіптік бағдар беру жүйесінің міндеті болып табылады.
2024 жылдың 8 қазанында Ақтау қаласындағы «Қайнар» колледжінде жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмысы колледж бен оқу орындары арасында тұрақты байланысты ұйымдастыруға, талапкерлердің болашақта өз үлесін қосатын мамандықтар мен кәсіптерді игеруге деген қызығушылығын дамытуға бағытталған, түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға және оларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.