Салалық технологиялар институтының академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөлімі 2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне серіктес ЖОО – ға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау жарияланғаны туралы хабарлайды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар тізбесі:

* студенттің өтініші;

* оқыту туралы келісім;

* жеке куәліктің көшірмесі;

* транскрипт (университеттің ресми мөрімен расталған);

* жеке оқу жоспары (институттың ресми мөрімен расталған);

* ұсыныс хат (магистранттар үшін).

Толық ақпарат алу үшін академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөліміне (324 каб.) хабарласуыңызды сұраймыз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz