Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!!!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!
Бұл біздің ортақ мерекеміз, себебі әр істің, әр мамандықтың негізі білімде. Білім, адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік, жеңістерге жету мен өз қабілеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Сондықтан, біздің елімізде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз !
Бүгінгі күн – Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын !
Білім күніне арналған салтанатты жиын, 2025 жылдың 2 қыркүйек күні, сағат 10:00-де Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқу ғимаратының алдында өтеді. (Н.Назарбаев даңғылы, 194