2 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті жаңа оқу жылының басталуына арналған Білім күнін салтанатты түрде аталып өтті.

Мерекелік жиын Білім және менеджмент институттын оқу ғимаратының алдында өтті. Университеттің 1 курс студенттері, профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар мен қонақтар қатысқан бұл шарада ерекше жылы атмосфера орнады.

Салтанатты жиында университет ректоры Б.Т.Шакешев студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім мен тәрбие жолындағы ізденісте табыс тіледі.

Білім және менеджмент институтының директоры, профессор А.С.Тасмагамбетов та жаңа буынды құттықтап,  үздік талапкерлердін ата-аналарына білім грантын табыстады. Өз сөзінде ол: “Бүгінгі жастар — елдің болашағы. БҚИТУ сіздерге сапалы біліммен қатар, үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жаңа белестерге бірге жетеміз!” — деп атап өтті.

Салтанатты жиын сонында 1 курс студенттеріне оқу ғимараты, кітапхана, дәріс кабинеттері, акт зал мен спорт кешені таныстырылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz