2025 жылдың 29-шы тамызында «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Қоғамның құқықтық мәдениетінің қалыптасуы» атты ғылыми-практикалық конференция оздырылды. Конференцияға өңіріміздің зиялы қауымы, еңбек ардагерлері, ЖОО басшылары мен оқытушылары, облыстық және қалалық маслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қызметкерлері, белсенді жастар қатысты.
Конференция жұмысы барысында еліміздің дамуындағы Ата Заңымыздың орны мен маңызы жөнінде, Қазақстанның конституциялық дамуының кезеңдері мен ерекшеліктері жөнінде және оның республикамыздың болашақ дамуының негізі екені жөнінде баяндамалар жасалып пікір алмасылды. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің атынан Білім және менеджмент институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы А.С. Тасмагамбетов өз баяндамасын зиялы қауым ортасына ұсынды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz