2024 жылғы 29 сәуірде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 6В07105 Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша) білім беру бағдарламасының «Электротехниканың теориялық негіздері» және «Автоматты реттеудің сызықтық және сызықтық емес жүйелері» пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.
Олимпиадаға 6В07105 Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша) білім беру бағдарламасының АУ-22О тобының 3 білім алушысы қатысты: Мәжитов Ч., Жұмағалиев Н., Усов В. Білім алушылар белсенді қатысып, сертификаттар алды, университеттің зертханаларымен танысты.

