Сұрапыл жылдарда майдан мен тыл төрінде Отан үшін ерен ерлік көрсеткен батырларды ұлықтау, олардың рухына тағзым ету – біздің басты парызымыз.

2024 жылдың 06-мамырында БҚИТУ Білім және менеджмент институтында 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты мерекелік концерт өтті. Концертке университеттің оқытушылары мен білім алушылары қатысып, студенттік шығармашылық орталығының өнерпаздары ән шырқап, би биледі.

Концерт барысында БҚИТУ-нің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев А.И. мерекемен құттықтап, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Курманалин С.Б. «Ұлы Отан Соғысындағы Қазақ батырлары» атты баяндама оқып берді. Концертте халық батырларының ерен ерлігіне арналған патриоттық әндер шырқалып, жыр шумақтары оқылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz