2024 жылдың 25 қыркүйегінде Бәйтерек ауданы Жайық кенті орта мектебі басшылығының шақыруымен 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шара алдағы Мұғалімдер күніне дайындық аясында өткізілді және білім алушыларды Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының аға оқытушысы Ким Александр Валерьевичпен таныстыруды, сондай-ақ «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы туралы ақпарат беруді мақсат етті.

Әңгімелесу барысында оқытушы өзінің педагогикалық жолы, өз жұмысының қызықты сәттері туралы мәліметтермен бөлісті және білім беру бағдарламасы туралы айтты. Оқушылар көптеген сұрақтар қою арқылы белсенділік танытты, бұл кездесуді қызықты етті.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz