2023 жылдың 12 желтоқсанында БҚИТУ СТИ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының ұйымдастыруымен  ветеринария білім беру бағдарламасының магистранттары мен білім алушыларына Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтының Ветеринарлық және биологиялық қауіпсіздік жоғары мектебінің доцент м.а., в.ғ.к. Баянтасова Светлана Максутовна шақырылып, «Бактериалдық індеттерді диагностикалау» пәні бойынша дәрісін оқыды.

Бұл кездесудің мақсаты – білім алушыларды тұрақты диагностикалық зерттеулер жүргізу және осылайша жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша елдің эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз ету арқылы халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау жолдарымен таныстыру. Дәріс аясында қонақ дәріскер практикалық мысалдармен ветеринар мамандығының мәселелері туралы айтып, болашақ ветеринар мамандарға кеңесін бере отырып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz