Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің cалалық технологиялар институтында Теректі ауданы, Приречный жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына арналған танымдық экскурсия өтті. Бұл кездесудің ерекшелігі — оқушылардың институтқа деген шынайы қызығушылығы. Жоғары оқу орнының мүмкіндіктерімен танысқысы келген мектеп оқушылары өз бастамаларымен келіп, болашақ мамандықтар туралы жан-жақты мағлұмат алуға ұмтылды.

Экскурсия аясында қатысушылар оқу аудиториялары мен зертханаларды аралап, техникалық, аграрлық және IT бағыттарымен танысты. Институт оқытушылары мен студенттері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, таңдаулы мамандықтар туралы кеңінен баяндады. Оқушыларды әсіресе заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған зертханалар қызықтырды. Олар өз болашақтарына қатысты маңызды шешімдердің бірі — мамандық таңдауға бағыт алғандарын атап өтті.

Кездесу жас түлектерге мотивация беріп қана қоймай, білім мен ғылымға деген қызығушықтарын арттыра түсті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz