2025 жылдың 30-сәуірінде педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Г.А.Жумагулова мен А.Б.Султанов Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы жылдарға тағзым етеміз» атты тәрбиелік шара ұйымдастырды.
Аталған тәрбие шарасына 6В01101-Педагогика және психология және 6В03101-Психология ББ 1, 2, 3 курс студенттері қатысты. Тәрбие сағатының мақсаты – студенттердің Ұлы Отан соғысы туралы түсініктерін кеңейту, елдің өткен жылдардағы қаһармандығына құрмет көрсетуге тәрбиелеу, соғыс ардагерлеріне деген жанашырлықты ояту.
Іс-шара аға оқытушы Г.А. Жумагулованың отандастарымыз бен жерлестеріміздің жауды жеңуге қосқан үлесі туралы кіріспе сөзінен басталды. Аға оқытушы А.Б.Султанов студенттермен «Своя игра» атты викторинасын өткізіп, онда студенттер соғыс жылдарындағы оқиғалар, ерекше даталар мен есімдер туралы сұрақтар бойынша білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Қатысуша студенттер майдан мен тыл ардагерлері болған ата‑әже, аға‑апалары туралы презентациялар дайындап, отты жылдарда батылдығы мен өжеттілігі, ерен еңбектерімен ел есінде қалған туыстарына деген мақтаныш пен ризашылық сезімдерін көрсетті.
Сондай-ақ, тәрбие сағаты барысында студенттер Ұлы Отан соғысына арнап түсірілген ескі көркем фильмдер талқылап, сол фильмдердегі сюжет, оқиғалар туралы әсерлерімен бөлісті, ұнаған кейіпкерлердің психологиялық портретін құрастырды, Ұлы Жеңіс күніне арнап плакаттарға суреттер салып, оның мазмұнын түсіндіріп өтті.


