2025 жылдың 24-25 сәуірінде Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің базасында «Көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық студенттік олимпиада өтті.
Интеллектуалдық сайысқа еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 15 үздік командасы қатысты, қиын да тартысты бәсекенің нәтижесінде БҚИТУ-дың, Салалық технологиялар институтының 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасының студенті Сұлтанмұрат Асылан құрметті III дәрежелі дипломын иеленіп, жоғары дайындық деңгейін, кәсібилікті және ғылыми өсуге деген ұмтылысты көрсетті.
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., Рһ.D, Омаров Акылбек Нурлыбековичті осы жарқын жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Болашақтағы жеңістер, жаңа ашылымдар мен ғылыми жетістіктерде шабыт пен табыс тілейміз!


