2023 жылғы 7 желтоқсанда «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы техника ғылымдарының магистрі А.Б. Максотова жаңа интерактивті оқыту технологияларын қолдана отырып, Арх-31О тобында «Биік ғимараттарды салу технологиясы» тақырыбында «Ғимараттар мен имараттарды салу технологиясы» пәні бойынша практикалық ашық сабақ өткізді. Студенттер Қазақстан және басқа елдер бойынша биік ғимараттарды салу технологиясы туралы презентациялар дайындады. Практикалық сабақтың ерекшелігі интерактивті тақтада “Kahoot” бағдарламасын қолдану болды.