2023 жылдың 6 желтоқсан күні БҚИТУ-нің белсенді студенттері тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті басшысының м.а. А.К. Нурманованың ұйымдастыруымен Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қайырымдылық шарасын өткізді. Шара барысында студенттер Орталық қызметкерлерін тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, мерекелік концерт қойып, жақсы көңіл-күй сыйлады.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөз бар халқымызда. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын білдіретін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Шара соңында орталық қызметкерлері бүгінгі күннен мол әсер алғандарын жеткізіп, осындай жақсы көңіл-күй сыйлаған студенттерге ризашылықтарын білдіріп, осы бағыттағы шаралар жиі ұйымдастырылса екен деген ұсыныстарын жеткізді.
