11-12 сәуір БҚИТУ Педагогика факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Психология», «Педагогика және психология» бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламалары бойынша 2023-2024 оқу жылына жаңарту мен толықтыруға арналған Академиялық комитеттің стейкхолдерлермен  біріккен талқылау отырыстары болып өтті.

ББ талқылауға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, факультеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірге жұмыс берушілер, студенттер, магистранттар, түлектер, қоғамдық ұйымдардың, кәсіптік бірлестіктердің өкілдері қатысты: Г.М.Галиева – Орал қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, А.З.Жаксымбетова – Тұрмыстық зорлық құрбандарының дағдарыс орталығының психологы, А.Ж..Хабиева – №46 мектеп психологы, облыстык психологтар шығармашылық тобы мүшесі, А.Б.Мұханғалиева – Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің педагог-психологы, Б.Т.Абдулова –  №10 «Балапан» бөбекжайы директоры, Л.Г.Кенжегалиева – «Айяна» мектепке дейінгі білім беру ұйымы директоры, С.Ж.Сарсенбаева – «LogoCA-Я» балаларды дамыту орталығы меңгерушісі, А.С.Қайырлиева №22 «Колобок» бөбекжайы педагог-модераторы.

Кездесулер барысында қатысушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту бойынша кадрлармен қамту, білім беру бағдарламасын ақпараттық ресурстармен қамту, материалдық-техникалық қамту, практикалық базамен қамтуды ескере отырып өз ұсыныстарын айтты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz