12 сәуір 2023 жылы “Ғылым онкүндігі-2023” қорытындысын шығаруға арналған БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің кітапханасында факультет ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің көрмесі дайындалды. Көрмеде факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми мақалалары, патенттері, монографиялары, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары ұсынылды.

Осы іс-шара аясында ғылыми және білім беру бағыты бойынша, профессор-оқытушылар құрамының еңбектері студенттердің, магистранттар мен докторанттардың қызығушылықтарын тудырды. Көрме факультет ғалымдарының университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға, елдің ғылым және білім саласын  дамытуға лайықты үлес қосатынын тағы да көрсетеді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz