2023 жылдың 14 сәуірінде «Экономика және менеджмент» кафедрасы академиялық комитет отырысын өткізді, оған стейкхолдерлер ретінде Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, Орал қаласы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы Алимжан Борангалиев, «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы»мемлекеттік мекемесінің Өңірлік даму бөлімінің басшысы Райса Ермегалиева, БҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Ерлан Адиев, Жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Жиенбай Мирамбаев, Бәйтерек а. Шалғай ауылдық округінің бас маманы Аслан Өтеш, «QazStroyKompany» ЖШС басшысы Светлана Кабесова, «Шағын бизнес орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Шолпан Махмудова, Сертификация орталығы «Ұлттық стандарт» ЖШС басшысы Малика Дергалиева, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.
Академиялық кеңестің отырысында білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту ерекшеліктері және стейкхолдерлердің қажеттіліктері мен еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылды.
Академиялық комитеттің отырысы барысында жоғары білім берудің қазіргі жағдайына қойылатын талаптарға қатысты қызықты диалог өтті.
Академиялық комитет отырысының негізгі мәселелерін талқылау аудиторияның қызығушылығын тудырды, әрбір білім алушы, оқытушы, жұмыс берушілер сөз алып, тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру бағдарламасына өз ұсыныстарын жасады.
