8 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінде Мәскеу үшін күреске 75 жыл толуына орай Батыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің қолдауымен оқытушылар мен студенттер қатысқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге еңбек және соғыс ардагерлерінің облыстық кеңесінің мүшесі Сафин Хамза Абрахманұлы, Еңбек және соғыс ардагерлерінің облыстық кеңесінің орынбасары Гапич Иван Степанович, Сталинград үшін күреске қатысушы Ажгулов Мухтар Ажгулович, ҰОС қатысушысы, 2015 жылы Астана қаласындағы шеруге қатысушы Шишенков Григорий Филатович, соғыс ардагері Скаленко Вениамин Пантелеевич, Мәскеуде өткен Жеңістің 1-ші шеруіне қатысушы Абдрахманов Минжан Габдулович, сонымен қатар облыстық ардагерлер кеңесінің соғыс ардагерлерімен жұмыс жөніндегі комиссияның хатшысы Кужекова Роза Лукьяновна қатысты. Мәскеу үшін күреске қатысқан Абдрахманов Минжан Габдулович сөз кезегінде ол кездің нағыз қатыгез, қанды соғыс болғанын, соған қарамай халықтың Мәскеу үшін жасаған ерліктерін айтып өтті.
Кездесу барысында қысқа метражды бейне фильмдер көрсетіліп, соғыс зардабы, жеңіс туралы өлеңдер оқылып, ән айтылды.
Қатысушылар мұндай кездесудің жас буынға берер пайдасы мол екендігін айтып өтті. Бұл әңгімеден кейін бойға патриоттық сезім орнамауы мүмкін емес.
БҚИТУ педагогикалық факультетінің басшылығы ҰОС ардагерлері мен барлық жиналғандарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтай отырып, денсаулық, бақыт, сәттілік және бейбітшілік тіледі.