Жыл сайын 1-желтоқсан қазақ елі Тұнғыш Президент күнін тойлап келеді. Бұл мереке өте маңызды, өйткені ол Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен өркендеуіне қосқан үлесін көрсетеді.
30 қараша күні осы атаулы мерекеге орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультеті «Қаржы» мамандығының 3,4 курс студенттеріне «Ел таңдаған – Елбасы», «Президент независимого Казахстана» тақырыптарында тәлімгерлік сағаттар өткізілді. Бұл іс-шараға студенттер жоғары деңгейде дайындалған. Тәлімгерлік сағаттың мақсаты студенттердің елін, жерін сүйуге, ел тарихын зерделеуге, патриоттық тәрбиеге баулу.
Мерекелік іс-шарада Н.Ә. Назарбаев өмірбаяны туралы баяндама, Елбасына арналған өлең жолдары, «Ел басы жолы» туралы деректі фильмнен үзінді көрсетіліп, «Қазақ елі», «Көк тудың желбірегені» әндері, қазақ биі ұсынылды.
