2025 жылғы 23 сәуірде «Сапалы білім – білімді ұлт» жобасы аясында Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы ұйымдастыруымен «ОРАЛАГРОРЕММАШ» АҚ-ы зауыты базасында 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» ББ бойынша 2-курс студенттеріне арналған тәжірибеге бағдарланған сабақ ұйымдастырды. Бұл сабақты ЖҚЖКБ өкілдері директоры Г.А. Қазыбаева, инженері Ф.И. Галиуллин және БҚИТУ-ның аға оқытушысы Ж.А. Мурзабекова жүргізді.

Тәжірибеге бағдарланған сабақтың мақсаты оқушыларды қауіпсіздік техникасының сақтау ережелерімен таныстыру, жабдықтармен және машиналармен жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі құжаттаманы жүргізу болып табылады.

УАРМ тауарлар мен қызметтердің кең ассортиментін, соның ішінде танкер зауытының долында, әр түрлі, ТҚҚ еуро-контейнерлерді металл құрылымдарын ыдыстық-толтырғыш жабдықтар, тіркемелер, өрт және коммуналдық техника тіркемелін ұсынады.

Нәтижесінде аталған іс-шара стиуденттерге біліктілікті арттыру мәселелерін шешуге, еңбек жағдайларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша одан арғы іс-шараларға ойдағыдай бейімделуге мүмкіндік берді. Студенттер қызығушылығын білдіріп, белсенді қатысып, көптеген сұрақтар қойды, сабақ соңында көрсеткен көмегі мен алған білімі үшін алғыс білдірді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz