2022 жылдың 4 қазан күні Инженерлік-гуманитарлық факультеттің “Энергетика, Автоматтандыру және есептеу техникасы” кафедрасы Орал трансформатор зауытында 6В017102 – “Электр энергетикасы” БББ 3 курс білім алушыларына “Электр машиналары” пәні бойынша «Трансформатордың параллель жұмысы», «Электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігі» пәні бойынша «Электр жабдығының сенімділігі», «Электр жарықтандыру жабдықтары» пәні бойынша «Жарық ағынын пайдалану коэффициенті әдісімен жарықтандыру қондырғыларын есептеу» тақырыбындағы практикалық сабақтары ұйымдастырылды.

Білім алушылар мен оқытушыларды Өндіріс жөніндегі директор Н.И. Усманов қарсы алды. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері білім алушылар мен оқытушыларды зауыттағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

Зауытта тәжірибелік сабақтарды кафедраның қауымдастырылған профессорлары В.П.Захаров, Л.А.Садыкова және аға оқытушы Н.Г. Буранова жүргізді. “Электр машиналары” пәні бойынша практикалық сабақта білім алушыларға әр цехтың жұмысы туралы айтылды. Сондай-ақ, білім алушылар трансформатор туралы толық түсінік алды және трасформатордың әр бөшегінің жинақталуын көрді. Зауытта білім алушылар зауыттың толық өндірістік циклмен қалай ұйымдастырылғанын өз көздерімен көре алды. “Электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігі” пәні бойынша білім алушылар үздіксіз жұмыс істей алатын, бірақ белгілі бір уақытта бас тартуы мүмкін жабдықтың жұмысымен танысты. Білім алушылар сенімділік бойынша негізгі ұғымдарға анықтама берді, зақымданудың негізгі себептерін атады, жабдықты қалпына келтіру уақытын есептей алды, электр жабдықтарын жөндеу және алдын алу жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуын түсінді, бұл зауыттың бүкіл электр энергетикалық жүйесінің сенімділігін арттырады. “Жарықтандыру жабдығы” пәні бойынша білім алушыларға цехтың, учаскелердің ауданын жарықтандыруын көзбен шолып өлшеу, олардың санын жазу тапсырмасы берілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz