Біліктілікті арттыру – бұл кәсіби шеберлікті үнемі жетілдіруге, шеберлікті дамытуға және педагогикалық қызметтің жаңа дағдыларын қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс. Педагогикалық жұмысты ұйымдастыру процесінің тиімділігі мен білім беру сапасы педагог қызметінің сапасына, оның біліктілігіне, шығармашылық ойлау дағдыларына байланысты. Бұл оқытушылардың біліктілік деңгейін үнемі арттыру қажеттілігін тудырады. Жоғары сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушылары 12.09-23.09.2022 аралығында 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер», 6В06102 «Ақапартық жүйелер» білім беру бағдарламалары бойынша «IT Group Education» ЖШС ұйымдастыруымен өткізілген 72 сағат көлеміндегі біліктілкті арттыру курсынан өтті.