Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2023 жылдыың 24-сәуірден бастап педагогика факультеті мен тілдер және менеджмент факультетінде Түркия Республикасы мен Башқұртстан Республикасынан шақырылған профессорлар өз жұмыстарын бастады. Профессор, Анкара университетінің “Тілдер, тарих және география” факультетінің “Жалпы түрік тарихы” кафедрасының меңгерушісі Абдулла Гундогду “Тарих” ББ магистранттары мен студенттеріне дәріс оқиды. “Қазақ тілі мен әдебиеті”, “Шет тілі: екі шет тілі” ББ білім алушылары үшін Ыстамбұл қаласындағы 29 Мамыр университетінің “Түрік тілі мен әдебиеті” кафедрасының профессоры Гөксел Өзтүрк PhD дәріс оқиды.

М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің кәсіптік және әлеуметтік білім беру кафедрасының меңгерушісі Трофимова Екатерина Владимировна “Педагогика және психология”, “Психология”, “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” ББ студенттеріне арналған “Бакалаврларға арналған әлеуметтік тәрбие жүйесіндегі отбасы” пәні бойынша дәріс оқиды. М. Ақмулла атындағы БМПУ доценті, п.ғ. к. Вахидова Люция Вансеттовна. “Жоғары мектеп педагогикасы” пәні бойынша “Педагогика және психология” ББ магистранттарына сабақ жүргізеді. М. Ақмолла атындағы БМПУ аға оқытушысы  Камалиева Гүлнара Раильевна “Музыкалық білім беру”, “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі”, “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” ББ студенттеріне арналған “Музыкалық білім беру әдістемесі” пәні бойынша сабақ жүргізеді.

24-сәуірде шақырылған профессорлардың университет ректоратымен кездесуі өтті. Қонақтар ұжыммен, құрылымымен, негізгі жетістіктерімен, университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz