Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының 4 курс студенттері Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында кәсіптік-бағдарлық сабаққа қатысты.

Университет  студенттерінің теориялық білімдерін пысықтап, практикалық дағдыларын қалыптасыру үшін кәсіптік-бағдарлық сабақ аясында ашық сот процесіне қатысуға рұқсат етілді.

Кездесу барысында студенттерге электрондық сот ісін жүргізуді жүзеге асыру тәртібі, «Төрелік» ақпараттық жүйесінің қызметі көрсетілді.

Іс-шара соңында «Тарих және құқық» кафедрасының студенттері мен аға оқытушы А.Ж.Габдулов тарапынан сот процессін жүргізген сот төрайымы Нурмагамбетова Ботагөз Темірбекқызына және кеңсе қызметкерлеріне атқарған қызметтері үшін алғыстарын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz