15.03.2023 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Габдуловтың және Г.К.Дуйсалиеваның ұйымдастыруымен «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының жоспарына сай, дуальді білім беру бағытында студенттерге «Сот сараптамасы» пәнінен «Көлік құралдарын сот – сараптамалық зерттеу» тақырыбында БҚО Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы Саутов Самат Нуркабыловичпен дәріс оқылды.

Дәріс барысында студенттерге сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында көлік құралдарына сот – сараптамалық зерттеудің басталуы, ұйымдастырылуы мен жүргізілуі туралы мәліметтер толықтай жеткізілді. Бұдан басқа студенттердің қызығылушылықтарымен қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

Дәріс соңында студенттер тарапынан өз тәжірибесімен бөлісіп, дәріс оқығаны үшін С.Н.Саутовқа алғыс білдірілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz