Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университетімен Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның аясында, БҚО ПД Анықтау басқармасының аға анықтаушысы полиция подполковнигі Киндихов Миржан Ижанович, бірлесен іс-шаралар кестесі шеңберінде 6В04202 «Құқықтану» және 6В04207 «Сот-прокурорлық қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша 2, 3, 4 курс білім алушыларына тәжірибелік бағыттағы «Жол-көлік оқиғалары кезінде оқиға орнын қарап-тексерудің ерекшеліктері» қонақ дәрісі өткізілді.
Дәріскер полиция подполковнигі М.И. Киндихов білім алушыларға қазіргі кезеңдегі жол-көлік оқиғаларының мәселесін, оның нәтижесінде дене жарақаттарын және адам қазаларының орын алуы туралы өте мазмұнды және толық ақпарат берді. Сонымен қатар жол–көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықты арттыру және жүргізушілердің автокөліктерді жүргізу мәдениетінің төмендігі аталып өтті.
Білім алушылар тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, лектордан толық жауаптар алды.

