«Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалы «Кәсіби әскерилендірілген авариялық – құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бірнеше жыл бойы студенттер мен магистранттардың өндірістік практикасын ұйымдастыру, тәжірибеге бағдарланған сабақтар мен қонақ дәрістерін өткізу мәселелерінде БҚИТУ серіктесі болып табылады.
Филиал Батыс Қазақстан облысының жер қойнауын пайдаланушылары мен қауіпті өндірістік объектілеріне техногендік сипаттағы авариялардың, ашық газ және мұнай фонтандарының пайда болуының және оларды жоюдың алдын алу, адамдарды құтқару, газдан құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары, сондай-ақ олардың зардаптарын жою бойынша тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Қауіпсізідк техникасы, еңбекті қорғау және экология бойынша жетекші инженері Уразов Жексен Жумагелдиевич, авариялық құтқару жұмыстары жөніндегі инженер Диенов Бисенбай Сангалиевич БҚИТУ, СТИ, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының білім алушыларымен мен профессор-оқытушылар құрамына қонақ дәріс өткізді.
Дәріс аясында қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісті, құтқарушы мамандығының жай-күйлері туралы айтып, болашақ құтқарушыларға практикалық мысалдар келтіре отырып құнды кеңестер берді. Дәріс тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Дәріс қортындысы бойынша «Ақ Берен» Батыс Қазақстан филиалы мен БҚИТУ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі қадамдар талқыланды.
Кездесу жылы және достық атмосферада өтті. Студенттер мен оқытушылар Жексен Жұмагелдіұлы мен Бисенбай Санғалиұлына техногендік сипаттағы авариялардың, ашық газ және мұнай субұрқақтарының пайда болуының және оларды жоюдың алдын алу, адамдарды құтқару, газдан құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары, сондай-ақ олардың зардаптарын жою бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.



