Жыл сайын 16 желтоқсанда Республикамызда мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні атап өтіледі!

Жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының 6В07501 Стандартаттау және сертификаттау (салалар бойынша) және 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара  өткізілді.

Іс-шара барысында білім алушылар Қазақстан Тәуелсіздікке жету жолдарында атты тың баяндамалармен бөлісті. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан демократиялық және құқықтық мемлекетке айналды, көптеген биіктерге қол жеткізілді. 120-дан астам ел Қазақстанмен дипломатиялық қатынастарды ресми түрде мойындады және орнатты. Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды және белсенді мүшесі болып табылады, сондай-ақ Еуропалық Одақ, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Халықаралық Валюта Қоры, МАГАТЭ, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты аса ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтады.

Мерекемен құттықтаймыз! Республикамызға және баршамызға бейбітшілік, жақсылық, даму және өркендеу тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz