2026 жылдың 22 сәуірінде Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасында 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін «Өнеркәсіптік және техникалық қауіпсіздік негіздері» пәніннен «Техносфералық қауіпсіздік» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды. Қонақ дәрісін Жәңгір хана атындағы БҚАТУ, политехникалық институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, PhD докторы А.С. Ибраев өткізді. Дәріс барысында студенттер өндірістік персонал мен халықты техногендік, сонымен қатар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан қорғау элементтерімен танысты. Дәріс білім алушылармен диалог түрінде өтті және олардың шынайы қызығушылығын тудырды.
Дәріс беруші толық және дәлелді жауаптар берген сұрақтардың саны көп болды. Кафедра ұжымы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дағы әріптестеріне жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді.

