2022 жылғы 17 қарашада «Сәулет және құрылыс» кафедрасының 6В07301-«Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша АРХ-21О және АРХ-23О топтарының 2 курс студенттеріне Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында тәжірибелік-бағдарлы сабақ ұйымдастырылып өткізілді.

Сабақ барысында студенттер кадастрлық бөлімде, іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру, жер мониторингі және зертханалық зерттеулер бөлімінде, мұрағат ісі және мәліметтерді жүйелеу бөлімдеріндегі жұмыстың негізгі процестерімен танысты. Сонымен қатар ArcGIS, AutoCAD, Revit т.б заманауи графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу принциптері көрсетілді

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz