Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің кітапханасында кітапхана мамандары мен Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері  «Рухани уақыт: поэзия әлемі, проза шыңы» жобасы аясында мәні терең, мазмұны бай  «Өнегелі кітап – өмірлік серігің» атты шара ұйымдастырды. 

Іс-шараға облыстың жетекші оқу орындары саналатын М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Құрманғазы атындағы саз колледжі, Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттері қатысты.

Шара барысында филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Асан Бакиұлы Қайыров пен жоба жетекшілері көркем әдебиеттің өмірдегі рөлі мен маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

Студенттер проза жанры бойынша өздері таңдаған шығармалар туралы пікір білдіріп, қазақ әдебиетінің інжу-маржандары саналатын туындыларға талдау жасап, кітаптан алған әсерлерін ортаға салды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz