2022 жылдың 13-қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінде білікті дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар көшбасшыларының қатысуымен “Нашақорлықтың салдары, есірткі сату қылмысы үшін жауапкершілік” тақырыбында студент жастармен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты қалада нашақорлықтың алдын алу, оның ішінде жастар арасында есірткі құралдарының таралуының, құрамында есірткі заттары бар дәрілік заттардың заңсыз саудасының жолын кесу. Аталған жұмыс БҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен, Орал қаласының қоғамдық кеңесімен және қала еріктілерімен бірлесіп жүргізілді.
