Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультеті, Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жыл қыркүйектің 7-сі күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясындағы «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы» тақырыбындағы республикалық онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Онлайн дөңгелек үстелге Қызылорда қаласы «ORDA» жоғары колледжі  оқытушылары мен студенттері қатысты.

  Онлайн дөңгелек үстел барысында Алматы қаласы Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к., доцент Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы «А.Байтұрсынұлының қазақ тілін оқытуға қатысты ұстанымдары» тақырыбында сөз сөйлеп, ұлт ұстазының білім мазмұнын қалыптастыруға бағытталған еңбектерімен бөлісті.

  Ф.ғ.к., Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы университет доценті Абасилов Аман Мәделханұлы «А.Байтұрсынұлының Қызылорда кезеңіндегі шығармашылық өмірі»  тақырыбына қатысты толық зерттелмеген түрлі тың мәліметтермен бөлісті.

  Ф.ғ.д., профессор Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы «Қазақ жазуының өзекті мәселелері» тақырыбында сөз алып, Ахмет Байтұрсынұлы құрастырған қазақ әліпбиі мен бүгінгі қазақ әліпбиін салыстырмалы түрде қарастырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz