Президент Қ. Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Қазақстан халқына жолдауында сапалы білім беру мәселесіне ерекше назар аударды. Педагогтердің материалдық уәждемесі мен кәсіби біліктілігін арттыру, дарынды білім алушыларды қолдау, отандық ғылымды дамыту — Қазақстанда сапалы білім берудің мықты іргетасын қалау үшін пысықтау қажет деді.
БҚИТУ оқытушылары практикалық тәжірибесі мол және өзінің пәндік саласында ең заманауи білімі жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы.
2022-2023 оқу жылының басында «Көлік және технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 01-11. 08. 2022 ж. аралығында «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламалары бойынша 72 сағат көлемінде оқытылатын пәндер бойынша біліктілікті арттыру курсынан “Мамандарды кәсіби даярлау корпорациясы” ЖШС оқу орталығында (Қызылорда қ.). өтті.
«Мамандарды кәсіби даярлау корпорациясы» ЖШС оқу орталығы – ел оқытушыларының біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын жетекші ұйымдардың бірі.