2025 жылдың 30-қазанында Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің 2025-2026 оқу жылының салтанатты ашылуына арналған «Ашық есік күні» шара өтті. Шараға университетіміздің 4 курс білім алушылары қатынасты.
Шараны аталмыш департаменттің мемлекеттік қызмет агенттігінің басшысы Мұрат Сейілбекұлы Байсалов жүргізіп, ол қатысушыларға «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебі жобасының негізгі бағыттарын таныстырды. Модератор мектепке қабылданудың бірнеше сатылары, өтінім беру жолдары, сабақтың өту тәртібі, қорытынды тестілеу мен арнайы жобаға қатысу және қорғау, сертификат табыстау кезеңдері туралы, мемлекеттік қызметке кіру үшін қажетті құзіретті арттыру бағыттары бойынша студенттерге ақпарат берді.
Университет жастары арасынан Білім және менеджмент институтының «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мукамжаров Еламан «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебіне біздің қабылданды.


