Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Jaiq Hub өңірлік директоры Омарбек Ташиммен (Astana Hub филиалы) «Networking және кәсіби байланыстар құру»тақырыбында IT инспирация ұйымдастырылды. Кездесуге Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының білім алушылары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты IT саласындағы болашақ мамандарды, стартаптардың негізін қалаушылар мен жас кәсіпкерлерді бір алаңға жинау және оларды кәсіби қарым-қатынас құндылықтары туралы ақпараттандыру болды.

Іс-шара барысында Омарбек Ташим IT саласында табысты мансап құрудағы кәсіби байланыстардың рөлін ерекше атап өтті. Ол іскери серіктестермен және кәсіби қоғамдастықпен тығыз қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

Білім алушылар тәжірибе алмасуға және өз жобалары мен идеяларын талқылауға мүмкіндік алды. Әрбір қатысушы стартап идеяларын дамыту мүмкіндіктері туралы жаңа ақпарат алды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz