Түркістан қаласында 2023 жылдың 5-10 қараша аралығында “Olympic center” спорт кешені мен Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында. спорттың 7 түрінен: волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресінен II Түрік Универсиадасын өткізеді.
Түркі Универсиадасын өткізудің мақсаты білім алушылар арасында спорттық жарыстар арқылы Түркі елдері арасындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады. Универсиадаға түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдерден: Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Венгриядан (байқаушы) 450-ден астам студент-спортшылар қатысты.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 6В07201 “Мұнай-газ ісі” БББ 1 курс білім алушысы Шынтас Серікболсын -100 кг салмақ дәрежесінде дзюдодан жарысқа қатысып, II жүлделі орынға ие болды (күміс медаль).
Серікболсын жеңісің құтты болсын! Биік шыңдардан көріне бер! Оқуда және спортта озат болуыңа тілкшіміз!

