2025 жылғы 29-қаңтарда «Дене шынықтыру және информатика» кафедрасында дене шынықтыру және спорт магистрі Р.В Гришиннің жетекшілігімен «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған «Мектеп бағдарламасы аясындағы гимнастикалық жаттығулардың сипаттамасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты – мектептегі дене шынықтыру сабақтарында орындалатын гимнастикалық жаттығулардың сипаттамасын беру.
Семинар барысында гимнастиканың әлемде және Қазақстанда даму тарихы, белгілі бір тарихи кезең ішінде гимнастикалық жаттығулардың қалай жетілдірілгені, спорттық гимнастиканың жеке спорт түрі ретінде қалыптасып, XX ғасырда Олимпиада ойындары бағдарламасына енгені туралы айтылды, сондай-ақ, семинарда спорттық гимнастика мен мектеп гимнастикасының ұқсастықтары мен айырмашылықтары талқыланды, мектеп бағдарламасындағы гимнастика қандай жаттығулардан тұратыны, дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын снарядтар мен жабдықтар туралы ақпарат берілді, гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік техникасына, жарақаттанудың алдын алуға, гимнастикалық жаттығуларды орындау кезінде оқушыларды дұрыс сақтандыруға ерекше көңіл бөлінді.
Семинар интерактивті тақтада гимнастикалық жаттығулардың фотосуреттері, сызбалары және слайдтарын көрсету арқылы жүргізілді.


