2025 жылдың 28 қаңтарында көлік және технологиялар кафедрасының аға оқытушылары К.Ж. Губайдуллин мен Д.Ж. Гумаров «Белес-Агро» ЖШС-де ТМО-11О және ТМО-12О топтарының 6В07104 – «Технологиялық машиналары мен жабдықтары» БББ білім алушыларына экскурсия ұйымдастырды.
Білім алушылар әртүрлі технологиялық машиналар мен қондырғылардың құрылымымен, олардың жұмыс істеу принципімен, ұтымды пайдаланумен, техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен танысты. Ұсынылған мүмкіндік үшін «Белес-Агро» ЖШС басшылығына, сондай-ақ бас инженер Д.Д. Кереевке жемісті ынтымақтастығы үшін ерекше алғыс білдіргіміз келеді!


