Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 23 қаңтарында Орал қаласы мектептерінің 11 сынып оқушыларымен Математика, Физика, Информатика пәндері бойынша олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға барлығы 71 оқушы қатысты. Шараның басты мақсаты – оқушылардың пәндер бойынша білімдерін тексеріп, олардың дарындарын анықтау, пәндерге қызығушылықтарын арттыру және ғылыми ізденістерге ынталандыру және кәсіптік бағдар беру болды. Олимпиада математика, физика және информатика пәндерінен өткізілді.
Олимпиадаға қатысқан оқушылардың жұмыстарын қарау және бағалау үшін университеттің құрған қазылар алқасы өз жұмысын атқарды. Қазылар алқасы құрамында төмендегідей мамандар болды:
- Утешев Серик, математика пәнінің аға оқытушысы
- Бисенгалиева Асыл Макимова, т.ғ.м., физика пәнінің аға оқытушысы
- Утешева Гульнара Шаукатовна, т.ғ.м., кафедра меңгерушісі
Олимпиада нәтижесінде әр пән бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың әрқайсысы университеттің конкурстық комиссиясы тарапынан марапатқа ұсынылды:
Математика пәні бойынша:
- Төлеш Мейіржан, №38 ЖОББМ – І дәрежелі диплом
- Тлеубай Ару Бокебайқызы, Круглоозерный ЖОББМ – ІІ дәрежелі диплом
- Қадырбай Ынта Сапиоллақызы, Серебряков ЖОББМ – ІІІ дәрежелі диплом
Физика пәні бойынша:
- Мұхит Мирас Дастанұлы, №44 ЖОББМ – І дәрежелі диплом
- Маликов Кайрат Альбертовна, №42 ЖОББМ – ІІ дәрежелі диплом
- Дисенов Актлек, №38 ЖОББМ – ІІІ дәрежелі диплом
Информатика пәні бойынша:
- Базарбаев Бакдаулет Мырзабекович, №45 ЖОББМ – І дәрежелі диплом
- Досмухамбетов Темирлан, №34 ЖОББМ – ІІ дәрежелі диплом
- Амангелдиева Амира, №50 мектеп – ІІІ дәрежелі диплом
Олимпиада қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдарымен және сертификаттармен марапатталды. Бұл шара оқу орнымыздың білім беру саласындағы жоғары деңгейін көрсетіп, дарынды жастарды қолдау бағытындағы маңызды қадам болып табылады.





