2025 жылғы 20 қарашада «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Р.Б. Ширванов 2025-2026 оқу жылына бекітілген жоспар аясында «ЖОО – да білім беру процесін ұйымдастырудың бір түрі ретінде «Дөңгелек үстелді» ұйымдастыру және өткізу әдістемесі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағы барысында лектор техникалық құралдарды пайдаланды және салалық технологиялар институтының профессорлық-оқытушылық құрамына «Дөңгелек үстелді» ұйымдастырудың мақсатымен, артықшылықтарымен, негізгі түйінді сәттерімен, құрылымымен және негізгі кезеңдерімен, оның кемшіліктерімен таныстырды. Шеберлік сабағы оған келген барлық ПОҚ-ның белсенді қатысуы әсіресе жас оқытушылардың қызығушылығы салдарынан жоғары деңгейде өтті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz