Құрметті  БОЛАШАҚ МАГИСТРАНТТАР, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Сіздер, магистратураға түсу үшін міндетті түрде КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ (КТ) тапсырасыздар. КТ-ға өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында  2023 жылдың 15 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізіледі. 

КТ-ға қатысу құны 14 693 теңгені құрайды.

  Магистратура 2 бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді. Оқу уақыты бойынша: ғылыми-педагогикалық 2 жыл, бейінді 1,5 жыл.

Кешенді тестілеуге дайындығыңызды одан әрі жақсартудың керемет әдісін ұсынамыз. Енді бізде кешенді тестілеу бойынша ақылы байқау сынақьарын тапсыра аласыз. Ақылы бақылау сынағын өзіңіздің Жеке кабинетіңіз арқылы тапсыра аласыз. ✅Ол үшін:

👍app.testcenter.kz сайтындағы Жеке кабинетіңізге кіріңіз;

👍«Байқау сынағы» ➡️ «ЖОБ/КТ байқау сынағы бөлімін таңдаңыз;

👍Тестілеу мүмкіндігін сатып алу батырмасын басып, төлем жасаңыз.

💸Байқау сынағының құны –1678 теңге.

👏Сондай-ақ, бұл бөлімде сіздің байқау сынағыңыз бойынша іс-әрекетіңіздің тарихы сақталады.

Толығырақ    http://www.testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6218

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz