16-17 қараша 2022 жылы Ақтау қаласында «Тарих толқынындағы Маңғыстау» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысының бағыттары Арал-Каспий аймағының тарихи-мәдени мұраларын ғылыми зерттеу, сақтау, пайдалану және насихаттау бойынша өзекті мәселелерге арналды. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия мемлекеттерінен және өзге де шетелдік ғалымдар, тарих, этнография, этнология, археология, реставрация, мәдениеттану салаларының ғалымдары, тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау, пайдалану және танымал ету бойынша мамандары, музейлер және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлерi және арнайы шақырылған мемлекеттiк деңгейдегi қоғам қайраткерлерi қатысты. Конференция жұмысына университетіміздің «Тарих және құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD М.Д. Қалменов баяндамамен қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz