2023 жылдың 21-желтоқсанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 25 жылдығына арналған шаралар аясында Білім және менеджмент институтында Анкара университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, түркітанушы ғалым Абдуллах Гүндогду дәріс оқыды. Абдуллах Гүндогду өз дәрісінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қасіреті болып табылған ашаршылықтың тарихына тарихнамалық талдау жасады. Шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі ашаршылық тарихының зерттелу мәселесін сараптады. Дәріске университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.  Дәріс тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырып, олар өздерінің көптеген сұрақтарына жан-жақты жауап алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz