Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай 17 сәуір күні Арх-31 тобының студенттері аға оқытушылар Б.Н. Аманова және К.М. Джумабаеваның жетекшілігімен М.Мәметова атындағы мемориалдық мұражайға барды.
Студенттер Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірбаяны мен ерлігі жайлы тың деректермен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұражай экскурсиясы аяқталған соң, қатысушылар экспозицияларға қатысты пікір алмасып, алған әсерлерімен бөлісті. Бұл саяхат жастардың патриоттық рухын көтеріп, ерлік пен адамгершілік жайлы танымдарын кеңейтуге үлкен үлес қосты.


