2025 жылдың 18-сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Қазіргі заманғы шеттілінде білім беру: тәжірибе, инновациялар және перспективалар» атты I Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Онлайн конференцияның пленарлық мәжілісіне университетіміздің  шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымының кандидаты Аманбаева Зауре Жиеналиевна «Қазақ мектептерінің 10-11 сыныптарында  академиялық эссе жазылымының тиімді әдістемелері мен жолдары» атты баяндамасымен қатысты.

Конференцияның секциялық отырысына шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушыларымен қатар Орал қалалық мектептерінің жоғарғы сыныптарының ұcтаздары да қатысып, пікір алмасты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz